Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы күрт құлдырады

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағалары бұдан бұрын елеулі өскенімен, 28 қыркүйектегі сауда қорытындысында барреліне 3 доллардан астам кеміп кетті.
None
None

Мәселен, Нью-Йорктегі тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 29 қыркүйектегі сауда қорытындысымен 3,24 долларға арзандап, баррелі 81,21 долларды құрады, деп хабарлады РБК.

Лондондағы электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,33 долларға төмендеп, баррелі 103,81 долларды құрады.

«Қара алтын» бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы мұнай және мұнай өнімдері қоры жөніндегі жаңа мәліметтер де себепші болды. АҚШ энергетика министрлігінің апталық баяндамасында 17-23 қыркүйек аралығында АҚШ-та шикі мұнайдың коммерциялық қоры 1,92 млн баррельді құрап, 340,96 млн. баррельге жеткені айтылады. Бұдан басқа, бағаға еуроаймақтағы қарыз дағдарысына байланысты жаңа күдіктер де себепші болуы мүмкін. Атап айтқанда, инвесторларды еуроаймақта Грекияға көмек беру шарттарына қатысты қарама-қайшылықты пікірлер шошытқан болса керек.

Соңғы жаңалықтар