Әлемдік тауар биржаларында мұнай бағасы төмендеді

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылғы 30 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,05 долларға арзандап, баррелі 93,09 доллар болды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Әлемдік тауар биржаларында мұнай бағасы төмендеді

Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,28 долларға дейін төмендеп, баррелі 89,84 долларды құрады.