Әлемдік тауар нарықтарында мұнайдың бағасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін әлемдік мұнай нарықтарында мұнай бағасының өсуі байқалды. Лондонның құрлықаралық биржасында фьючерстік мәмілелер сессиясының соңында Brent қоспасын жеткізуге келісімшарттар құны барреліне 0,21 долларға артып, 90,26 долларға жетті.

Әлемдік тауар нарықтарында мұнайдың бағасы өсті

ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, Нью-Йорк тауар биржасында сауда әлі жалғасуда, мұнда да шикізат бағасының өсуі байқалуда. Техастық ашық түсті мұнайдың (WTI) баға белгіленімі барреліне 85,97 долларды құрап, күні бойы баға белгіленімі 0,67 долларға көтерілді.

Күні бойы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 90 доллардан төмен түсті. «Біз Brent және West Texas Intermediate бағаларын қолдаудың сындарлы деңгейіне жақындадық, деп ойлаймын. Бұдан бұрын баға 85 доллар болғанда оған ОПЕК араласқан болатын. Қазір де сондай шаралар қабылдануы мүмкін деп айта алмаймын, олар тұтастай алғанда мұнаймен жабдықтау жөніндегі жағдайды бағалауы тиіс», - деді CMC Markets аға талдамашысы Рик Спунер.

Кейінірек Brent мұнайының қарашадағы жеткізілімінің бағасы барреліне 90 доллар деңгейіне қайтып оралды.