«Әлемдік туризм аруы» байқауына баратын қазақ қызы анықталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылы Малайзияда өтетін «Әлемдік туризм аруы» байқауына баратын қазақ қызы алдағы күндері анықталады, деп хабарлады www.24.kz.

«Әлемдік туризм аруы» байқауына баратын қазақ қызы анықталмақ

Ол бүгінге дейінгі іріктеу сайыстарынан сүрінбей өткен бес сұлудың бірі атанбақ. Ұйымдастырушылар байқаудың басты ерекшеліктерін әңгімелеп, негізгі талаптарына тоқталды. «Жалпы арулар еліміздің туристік әлеуетін таныстырып, үш тілді меңгеруі тиіс. Сондай-ақ таным деңгейі жағынан өзгелерден озық болуы міндет», - дейді олар.

Айта кетейік, «Әлемдік туризм аруы» байқауы келер жылдың ақпанында өтеді. Осы дүниежүзілік сайыс арқылы ұлттық мәдениетіміз бен туристік орындарымыз кеңінен насихатталмақ.

«Қазір бес қызға көзіміз түсуде. Осы жексенбі күні белгілі болады. Бұл байқау 16 ақпан күні болады. Малайзия мемлекетінде Куала-Лумпур қаласында. Қазір дайындық үстіндеміз», - деді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Римма Тәжібаева.