Әлемдік валюталық-қаржы жүйесіндегі терең қайшылықтар оның архитектурасын реформалауды анық көрсетіп отыр

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Егер біз жақын арада экономикалық парадигманың базалық жаңаруын түбегейлі жасамасақ, онда әлемде ауырпалықтардан шығу қиынға түседі.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанадағы ІІ Астаналық экономикалық форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егер біз жақын арада экономикалық парадигманың базалық жаңаруын түбегейлі жасамасақ, онда әлемде ауырпалықтардан шығу қиынға түседі. Түбейгелі жаңарудың бір жоспарын Қазақстан ұсынып отыр. Әлемдік валюталық-қаржы жүйесіндегі терең қайшылықтар оның архитектурасын реформалауды анық көрсетіп отыр», - деді Мемлекет басшысы. Реформалау үш мәселені қарастыратынын жеткізген Елбасы, «біріншісі, бұл жаңа парадигманың ізденісі, жаңа ғасырдың қатерлері мен қауіптеріне сәйкес әлемдік экономиканың базалық парадигматикасын жүргізу. Екіншісі, әлемдік геоқаржылық технологиялардың жаңару жолдарын ХХІ ғасырдың басындағы деңгейіне жеткізу. Әлемдік валюта-қаржылық жүйесін оны негізгі пайдаланушылардың базалық мүдделеріне, мақсаттарға және құндылықтарына реттеу. Ал үшіншісі, жаһандық дағдарыстан шығудың магистралды жолы ретінде әлем мен адамзаттың түбегейлі жаңаруы мақсатын шешу бағытында валюталық-қаржылық құралдарды қайта іске қосу», - деді.
Соңғы жаңалықтар