Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі Дін лидерлерінің пікір алмасуына жақсы мүмкіндік туғызады - Чжоук Ли

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Лимен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қатынастарды, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында сенатор Қазақстан мен Қытайды дағдылы достық және тату көршілестік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында өзара тиімді әріптестіктің барлық бағыттары бойынша стратегиялық әріптестікті нығайтудағы Қазақстан басшысы Н.Назарбаевтың және Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның зор үлесін атап өтті.

Бұдан бөлек, И.Адырбеков әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстан бастамаларын белсенді түрде қолдау білдіргені үшін қытай тарапына алғыс айтып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне ҚХР діни басшылығының қатысатынына сенім білдірді.

Чжоу Ли өз кезегінде «мұндай деңгейдегі діни жиын дін лидерлерінің кеңінен пікір алмасуы үшін жақсы мүмкіндік туғызатынын» айтып, Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі үдету жайындағы мәселелерге де тоқталды. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелер де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар