Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысының хаттамасы қабылданды

А. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысы өз жұмысын аяқтап, жиын қорытындысына сәйкес  хатшылықтың хаттамасы қабылданды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хаттамада жиынның күн тәртібіне байланысты хатшылықтың жанынан жаңа жұмыс тобының құрылғаны, хатшылық қызметін белсендіре түсу мәселелері талқыланғаны туралы жазылды.  Аталған жұмыс тобы 4-ші съезді өткізуге қатысты күн тәртібі жобасын, сондай-ақ онда қаралатын қорытынды құжаттар жобасын әзірлеумен айналысатыны туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге, хаттамаға сәйкес Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының келесі оныншы отырысы 2011 жылдың қыркүйегінде өткізілетін болып келісілді. Ал Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі 2012 жылдың қыркүйегінде өтетіні туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар