Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының құрамын шектеу ұсынылды

АСТАНА.  Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі  хатшылығының ІХ отырысында сөз сөйлеген Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған хатшылықтың құрамын шектеуді ұсынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз сөзінде Қ. Тоқаев съезд хатшылығының қызметіне тоқтала келе, оның қорытынды құжаттардың жобаларын әзірлеумен айналысатын жұмыс органы ретінде қалыптасқанын атап өтті. Хатшылық құрамына съезге қатысушы діни бірлестіктердің әрқайсысынан бір-бір өкіл кіретін еді. «Сөз жоқ хатшылық осы уақытқа дейін өзіне жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде абыроймен орындап келді. Дегенмен, уақыт өте келе форумға қатысушылар құрамы ұлғайып, Хатшылық мүшелерінің саны көбейді. Бұл өз кезегінде жедел шешімдер қабылдау мен құжаттардың жобасын пысықтау үдерісіне әсер ете бастады. Сондықтан да 2007 жылы өткен  хатшылықтың ҮІ отырысында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Жалпы, хатшылық жұмысына қатысуға ниет білдірушілердің саны күннен-күнге өсіп келе жатқанына байланысты, бұл мәселені талқылауға ұсынамыз. Біз өз тарапымыздан хатшылықты «Съезд баламасына» айналдырмас үшін оның құрамын шектеген дұрыс деп есептейміз. Қажет болса ротациялық принципті де қарастыруға болады», деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар