Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының қызметі талқылануда

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысы өз жұмысын жалғастыруда. Жиын барысында съезд хатшылығының қызметі туралы мәселелер талқылануда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, съезд хатшылығы қорытынды құжаттардың жобалары мен жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібін әзірлеумен айналысатын жұмыс органы ретінде қалыптасқан болатын. Оның құрамына съезге қатысушы діни бірлестіктердің әрқайсысынан бір-бір өкілден кіріп отыр. Съезге қатысушылар құрамы ұлғаюына байланысты хатшылық мүшелерінің де саны көбейген болатын. Осыған орай ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым‑Жомарт Тоқаев «Хатшылықты «съезд баламасына» айналдырмас үшін оның құрамын шектеуді» ұсынған еді.

Сондықтан да алқалы жиынның екінші күні хатшылық мүшелері қайта құрылатындығы күтілуде. Бұдан басқа бүгінгі жиын барысында  талқыланған мәселелер бойынша қабылданған шешімдерді бекіту үшін хатшылық хаттамасын қабылдау күтіледі.

Соңғы жаңалықтар