Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы қорытындыланды

Кеңеске Сыртқы істер министрілігінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің, Халықаралық мәдениет және діни орталықтың өкілдері қатысты.
Кеңесте Съезд Хатшылығы отырысына және конференцияға қатысушылардың баяндамаларыларына шолу жасалды. Атап айтқанда, меймандардың бәрі толеранттық жөніндегі жаһандық үнқатысуды дамытудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесін атап өтті. 10 жылда Съезд әлемдік діни лидерлердің іс жүзіндегі үнқатысу алаңы ретінде қалыптасты.
Қ.Мәми Хатшылық отырысы және конференция барысында айтылған ұсыныстар мен идеяларға мұқият талдау жасап, сондай-ақ соның негізінде келешек шаралар жоспарын әзірлеуге тапсырма берді. Хатшылық мүшелері V Съездің жалпы тақырыбын «Дін және тұрақты даму» атауымен бекіткен болатын. Таяу уақытта секциялық отырыстар, сонымен бірге келесі Съездің мерзімі мен өтетін орны бойынша ұсыныстар пысықталады.
Кеңесте Съездің арнаулы қорын құру, сондай-ақ съездер аралығында Хатшылық мүшелерінің қызметін үдету, діни қайраткерлер арасында жүйелі ақпарат алмасуды қалыптастыру, бірлескен білім беру бағдарламалары мен оқу құралдарын әзірлеу, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды өрістету туралы ұсыныстарды зерделеуге тапсырма берілді.