Әлемдік жарнама рыногы 10 пайызға қысқарады
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылы жарнамаға арналған жаһандық шығыстар 2008 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға қысқармақшы. Мұндай деректер Carat медиаагенттігінің жаңа болжамдарында келтірілген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ірі жарнамалық рыноктардың арасында АҚШ-тың барынша көп зардап шегетін түрі бар: бұл елде шығыстар 16,3 пайызға қысқармақшы. Батыс Еуропада жарнама рыногы 11 пайызға азаяды.
Азияда жарнаманың шығыстары мардымсыз болып отыр. Carat-тың деректері бойынша, аймақта бұл көрсеткіш 0,3 пайызды ғана құрайды. Бұл тұрғыда Қытайда өсім тіркеліп отыр - 6,9 пайыз.