Әлемдік федерация Алан Құрманғалиевтің жетістігін атап өтті

үстел теннисі
Фото: Оlympic.kz

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) 2023 жылды қорытындылады, деп хабарлайды Kazinform Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемдік ұйым көптеген жарқын жеңістің, айтулы оқиғаның ішінен қарағандылық Алан Құрманғалиевтің (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) жетістігін ерекше атап өтті.

Ол биылғы маусымда жекелеген разрядта ең көп жеңіске жеткен (356), көп матч өткізген (108) және жоғары ұпай жинаған (5035) ойыншы атанды. 

Айта кетелік, Алан биыл тұңғыш рет ересектер арасындағы жазғы Азия ойындарына да қатысқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар