Әлемдік мұнай қайтадан қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы өсті.
Oilprice.com мәліметінше, 22 қазанда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 110,50 долларға жетті. Баға 1,68 долларға немесе 1,54%-ға өсті.
WTI маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 98,41 доллар болып, 1,30%-ға қымбаттады.
Ал Urals маркалы мұнай керісінше, 0,84 долларға немесе 0,80%-ға арзандап, барреліне 104,76 долларға түсті.
Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстың ушығуы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді күшейтіп отыр.
Еске салсақ, АҚШ Иран мұнайын тасымалдауға көмектескен заң фирмасына санкция енгізген еді.