Әлемге әйгілі хореограф Ю. Григорович «Астана Опера» театрымен тұрақты түрде жұмыс істеуді қалайды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Ертең, шілденің 3-і күні «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Петр Чайковскийдің әлемге әйгілі шығармасы - «Ұйқыдағы ару» балеті қойылады. Осыған орай бүгін Астанада балеттің шығармашылық ұжымының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Әлемге әйгілі хореограф Ю. Григорович «Астана Опера» театрымен тұрақты түрде жұмыс істеуді қалайды

Айта кеткен жөн, «Ұйқыдағы ару» жаңа хореографиялық нұсқада сахналанбақ. Оның авторы - әлемдік хореографияның мэтры атанған Юрий Григорович. Қоюшы суретші, сценограф - танымал Эцио Фриджерио. Ал киім бойынша суретші - Оскар сыйлығының иегері Франка Скуарчапино арнайы Италиядан шақыртылды. Оның қатысуымен XVII-XVIII ғасырларда болған киім үлгілері тігіліп, кәсіби суретшілердің қолымен кестеленіп өрнектелді. Киім-кешектің басым бөлігі Милан мен Мәскеуде дайындалды. «Негізі, «Астана Опера» театрында барлық жағдай жасалған. Балет труппасының шеберлігі де жоғары. Оған қатысты менде ешқандай сын-ескертпелер жоқ. Енді, көрермен қауым өз бағасын береді. Маған бұл жерде өте ұнады. Сондықтан «Астана Опера» тарапынан тағы шақыру түсетін болса, мен ол шақыруды қуана-қуана қарсы аламын», - дейді белгілі хореограф Ю. Григорович.