Әлемге әйгілі виолончельші Санди Тоқанова ЭКСПО-2017 аясында өнер көрсетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қыркүйек күні елорданың ЭКСПО-2017 аумағында әлемге әйгілі виолончельші Санди Тоқанова және дүние жүзінің өзге де танымал классикалық музыка майталмандары өз өнерлерін паш ететін бірегей концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына сілтемемен.

Әлемге әйгілі виолончельші Санди Тоқанова ЭКСПО-2017 аясында өнер көрсетпек

Санди Тоқанова әлемге Sandi Toka Nova деген лақап атпен танымал және қазір Швейцарияда Симфониялық Оркестрдің солисі болып жұмыс істейді. Қазақстандық әртіс жиі гастрольдерге шығып, беделді музыка фестивальдеріне қатысуда.

Концерт аясында Санди Тоқанова, британиялық скрипкашы Томас Гульд пен француз пианисі Жульен Квентин бірінші рет бірге өнер көрсетеді және Бетховеннің үш концертін қояды.

Томас Гульд пен ағылшын опера әншісі Мари Беванның бірлескен өнері кештің тағы бір сәніне айналмақ.

Музыка кеші Қанат Омаровтың басқаруындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.