Әлемге жаңа оба індеті қауіп төндіруде

Француз дәрігерлері дабыл қағуда: антибиотиктердің барлық түріне төтеп бере алатын жаңа бактерия әлемге таралып келеді. Бактерия оба және сальмонелла секілді белгілі инфекциялардың туыстас болып шықты, деп хабарлайды РБК.
Жаңа бактерияны өткен жылы британдық Кардиффа университетінің ғалымы Тимоти Уолш Үндістанда инфекциядан емделген швед азаматынан тапқан еді.
Аталмыш энтеробактериялар күнделікті толығып отыратын патогендер отрядын құрап, олардың әсері адам ағзасын ауыр бактериалдық зардаптарға әкеледі. Жаңа энтеробактерияның «әпкелері» сальмонелла, оба таяқшасы, өкпе қабынуының клебсиелласы. Жаңа энтеробактериялар NDM-1 ферментін өндіріп, барлық белгілі антибиотиктерге төзімді. Қазір бактериялар Үндістан, Бангладеш пен Пәкістанда кең таралып отыр.
Сонымен қатар ол инфекция емделудің арзандығына қызығып, Үндістан госпитальдарында ем қабылдаған 37 Ұлыбритания азаматында да анықталып отыр. Қазірдің өзінде жаңа инфекция жұқтырған бірнеше еуропалық қайтыс болды.
Ғалымдардың пікірінше, кең таралып келе жатқан инфекция адамға зор қауіп төндіреді. Оның үстіне оның жер шарына кең таралуы мүмкін. Ал ғалымдарға бұл инфекцияны жеңу үшін антибиотиктің жаңа түрін ойлап табу үшін кем дегенде он жыл уақыт керек екен.