08:52, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
Әлемнің 21 елінде 682 адам өлім жазасына кесілді
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - «Халықаралық амнистия» ұйымының хабарлауынша, былтыр әлемнің 21 елінде 682 адам өлім жазасына кесілген.
Ұйым мәліметтеріне қарағанда 2012 жылы өлім жазасын көп жүзеге асырған елдер қатарында Қытай, Иран, Ирак, Сауд Арабиясы мен АҚШ тұр, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Жалпы, әлем бойынша өлім жазасына кесу көрсеткіші төмендеп келеді. Былтыр өлім жазасын алып тастаған мемлекеттер саны 97-ге жеткен екен. Ал Белоруссия Еуропадағы өлім жазасына мораторий жарияламаған бірден-бір ел болып қалып отыр. Онда былтыр кем дегенде үш адамға қатысты өлім жазасы орындалған.