Әлемнің 27 елінің мыңнан астам спортшысы өздерінің 7-Қысқы Азия ойындарына қатысуға ниеттерін білдірді

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Әлемнің 27 елінің мыңнан астам спортшысы өздерінің 7-Қысқы Азия ойындарына қатысуға ниеттерін білдірді, деп хабарлайды «Азиаданың ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ.

Әлемнің 27 елінің мыңнан астам спортшысы өздерінің 7-Қысқы Азия ойындарына қатысуға ниеттерін білдірді

«2010 жылғы 22 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанға Азияның 27 елінің атынан 1134 спортшы мен 543 ресми тұлға келеді деп күтілуде», - делінген таратылған ақпаратта.

Қысқы Азия ойындары Астана мен Алматыда 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.