Әлемнің 34 елінен келген волонтерлер Астанадағы халықаралық форумда бас қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайын Халықаралық волонтерлер форму басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 34 елінен келген волонтерлер Астанадағы халықаралық форумда бас қосты

Шараның ашылу салтанаты алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадіров форумға волентерлерден бөлек 50-ге жуық шетелдік спикер келгенін айтты.

«Бүгін, ертең екі күн қатарынан өтетін волонтерлер форумында 34 елден 140-тан астам ерікті қатысқалы отыр. 50-ге жуық шетелдік спикер келді. Қазақстанның әр өңірінен іріктеуден өткен еріктілер келіп отыр. Негізінен бүгінгі іс-шарада 400-ден аса қатысушы жиналған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Халықаралық влонтерлерді жинау жылын жариялау туралы бастама көтерген. Соған байланысты былтыр Орталық Азия волонтерлер форумы өтті. Биыл, міне, Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр», - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, форум аясында волонтерлік қозғалыстың халықаралық деңгейдегі түткілді мәселелері талқыланбақ.

«Ең басты мақсат – волонтерлік қозғалыс бағытындағы өңірлік көшбасшы ретінде басқа елдермен тығыз байланыс орнату, ақпарат пен тәжірибе алмасу, волонтерлер алдында халықаралық деңгейде тұрған мәселелерді бірге ортаға салып шешу», - деді Данияр Қадіров.