Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әлемнің 83 елінде мейрамханалары бар Бургер Кинг® компаниясы - қазақстандық нарықта

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемнің 83 елінде 12 500-ден астам мейрамханасы бар Бургер Кинг® желісі франшиза бойынша Қазақстанда да қанат жаюда.

Әлемнің 83 елінде мейрамханалары бар Бургер Кинг®  компаниясы - қазақстандық нарықта

Ол ағымдағы жылы «QSR» ЖШС-нің  20 жылдық франшиздік келісімі бойынша Қазақстан нарығына енген болатын.

«Бургер Кинг® Қазақстанда қазір аса қарқынды дамып келе жатқан жылдам тамақтану мейрамханалары желілерінің бірі болып отыр. Мамыр айының аяғында республика  нарығына кіргеннен бері 3 фуд-корт пен 1 мейманхана ашқан болатын. Енді екінші мейрамхана ашылып отыр. Алдағы жылы Астанада 2 мейманхана ашпақпыз. Болашақта мұндай жылдам тамақтану орындары  өзге қалаларда  да халыққа қызмет көрсете бастайды», - «QSR» ЖШС-нің директоры Гайк Бадалян.

 Оның айтуынша, компанияның есептеуінше инвестиция көлемі фуд-корт ашуда 400 мың доларды,  мейраманхана ашуда 800 мың долларды құрайды.

Қазіргі таңда Бургер Кинг® гамбургер  сататын  жылдам тамақтану мейрамханары желісінің көлемі бойынша дүниежүзінде екінші орын алады. Бургер Кинг® мейрамханаларының  90 пайызға жуығы тәуелсіз франчайзерлердің басқаруында. Олардың көпшілігі отабасылық компаниялар. Жалпы бұл мейрамханалар желісінде күн сайын әлемде 11 миллионнан астам адам тамақтанады.