Әлемнің бірқатар елінде коронавирус жұқтырудың тәуліктік антирекорды тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сиднейде COVID-19 науқастары санының өсуіне байланысты карантин бір айға ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемнің бірқатар елінде коронавирус жұқтырудың тәуліктік антирекорды тіркелді

Дүйсенбі, 23 тамыздан бастап күшіне енетін жаңа шектеулердің ішінде мегаполистің 12 ауданында 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі және үйден тыс жерде маска кию талап етіледі.

Черногория эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шетелдіктердің елге кіру шарттарын қатаңдатты. Сондай-ақ, елде ашық аспан астында 50-ден астам ересек адамның жиналуына тыйым салынады.
Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік санының өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Жапонияда 25 155 жағдай, Малайзияда 23 564 жағдай, Филиппинде 14 895 жағдай анықталды.