Әлемнің экс-чемпионы Каспаров 2005 жылдан бері алғаш рет шахмат турниріне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров америкалық Сент-Луисте болатын Гран-тур сериясы кезеңіне қатысады. Сондай-ақ ол жылдам шахмат турнирінде өнер көрсетпек.
Еске сала кетсек, 54 жастағы Каспаров спорттық мансабын 2005 жылы аяқтаған еді. Содан бері тек көрмелік матчтар мен турнирлерге бірнеше рет қана қатысты.
Осы жолғы Сент-Луистегі Гран-тур кезеңіндегі ойындарда оның қарсыластарының қатарында әлемнің танымал шахматшылары - Левон Аронян, Вишванатан Ананд, Фабиано Каруана, Хикару Накамура Сергей Карякин және Ян Непомнящий бар.