Әлемнің ең байырғы қалаларының бірі саналатын Ереван өзінің 2792 жылдығын тойлауда

АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Арменияның елордасы - Ереван қаласы өзінің 272 жылдығын атап өтуде.

Әлемнің ең байырғы қалаларының бірі  саналатын    Ереван  өзінің    2792 жылдығын    тойлауда

Ереван әлемнің ең байырғы қалаларының бірі, оның іргесі біздің дәуірімізге дейінгі 782 жылы урартулық Эребуни қаласы ретінде қаланған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ереванның жасы - Римнен 30 жылға үлкен болса, бүгінде орны ғана қалған Вавилон, Персеполис, Ниневия сияқты қалалармен қатарлас. Қала күні биыл «Ереван - бұл біз» деген ұранмен атап өтілді.