Әлемнің ең қарт миллиардері тағы үйленбекші
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Австрияның 94 жастағы миллиардері Карл Влашек жуырда үйленетінін жария етті, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Billa супермаркеттері желісінің негізін салушы жасы келгеніне қарамастан, бесінші рет шаңырақ құрмақ.
Vienna Times-тің хабарлауынша, миллиардер әлдекімнің Рики Шенк есімді жесірін әйел еткелі отыр. Влашектің айтуынша, ол Шенкті қатты сүйеді және сүйіктісін ана атандыруға қауқарлы. Ал қанша жаста екенін құпия ұстаған миллиардердің қалыңдығы болса өзінің сәби сүйе алатынына күмәнмен қарайды. Шенкте осы кезге дейін бала болмаған. Влашек болса - төрт баланың әкесі. Forbes-тің мәліметі бойынша, австриялық ірі супермаркеттер желісінің қожайыны 4,4 млрд евро болатын дәулетке ие. Ол - өз еліндегі ең бай адамдар тізімінің алғашқы үштігінде.