Әлемнің ең қымбат 10 қаласы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің ең қымбат 10 қаласы белгілі болды, деп хабарлады www.24.kz.

Әлемнің ең қымбат 10 қаласы белгілі болды

Көшті швейцариялық Цюрих шаһары бастап тұр. Рейтингте тұрғындардың жалақысы мен тұтынатын тауарларының құны ескерілген. Осылайша Цюрихте 3 адамнан тұратын отбасының қалыпты өмір сүруі үшін айына 3600 доллар керек екен. Дейтұрғанмен, бұл рейтингте олардың пәтер жалдап тұру құны есепке алынбайды. Екінші орынға Швейцарияның тағы бір қаласы - Женева көтерілді. Ал үшінші орынға Нью-Йорк табан тіреп отыр. Айта кетейік, әлемнің ең қымбат қалаларының тізімін Швейцариялық UBS банкі құрған. Әр 3 жыл сайын мәлімет жаңартылып отырады.

Фото: smiw.ru