18:22, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Әлемнің ең қымбат футболшысына ота жасалмақ
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Мадридтік "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлге күрделі ота жасалмақ. Кейінгі кезде футболшының арқасындағы сырқаты сыр беріп, ол жуықта дәрігерлердің көмегіне жүгінбекші, деп хабарлады РБК.

Испандық Marca газеті хабарлағандай, "Тоттенхэмадан" ауысқан кезде-ақ Бэйлдің омыртқа дискілерінің жарылғандығы анықталып, оның толыққанды жаттығу жасауына кедергі болған еді.
Бэйлдің алаңға енді қашан шығатыны әзірге белгісіз. Ол оған ота жасалғаннан кейін ғана, сауықтыру мерзімінің ұзақтығына байланысты болмақ.
"Реал" клубы "Тоттенхэмге" осы ойыншы үшін 100 млн. еуро төлеген еді. Қазіргі уақытта Гарет Бэйл әлемдік футбол тарихындағы ең қымбат сатылған ойыншы екендігін естеріңізге саламыз.