08:50, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Әлемнің ең қымбат қаласы аталды
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Осло -әлемнің ең қымбат қаласы. Британдық PriceRunner компаниясының сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр.
Сарапшылар әлемнің ірі 33 қаласындағы бағаларды салыстырған. Олар түрлі тауарлардың 26 аталымын, оның ішінде «Биг Мак», сүт, кітаптар, компьютерлер сияқты тауарлардың бағаларын сарапқа салған. Нәтижесінде, Норвегия елордасында бағаның басқа қалалардағы орташа көрсеткіштен 35 пайызға жоғарылығы анықталған.
Бұл рейтингте Осло осымен үшінші жыл қатарынан көш бастап келеді. Мәскеу бұл тізімде 17-ші орында тұр, деп хабарлайды РСН агенттігі.