Әлемнің майталман бильярдшылары Алматыдағы турнирде бас қосады

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ – Ағымдағы жылғы маусымның 24-і мен 27-сі аралығында Алматыда «Еркін пирамида» бильярды бойынша ашық Азия чемпионаты өтеді,

Әлемнің майталман бильярдшылары Алматыдағы турнирде бас қосады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бильярд спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Республика сарайында төрт күн бойы 26 елден (Әзірбайжан, Беларус, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Балтық елдері) келген спортшылар Азия-2009 чемпионы атағы үшін сайысқа түсетін болады. Қатысушылардың ішінде әлем және Азия чемпиондары ? Әлихан Қаранеев (Қазақстан) және Ярослав Винокур (Украина), әлем және Еуропа чемпиондары ? Юрий Пашинский (Ресей) және Александр Паламарь (Украина), әлем, Еуропа және Азия чемпионы Қаныбек Сағындықов (Қазақстан), пулдан әлем чемпионы Дитер Джонс (АҚШ) сияқты айтулы спортшылар бар.Жарыс күн сайын сағат 11.00-де басталады.