Әлемнің сұранысқа ие спортшыларының ТОП-50 рейтингінде Головкин Роналдудан озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық SportsPro журналы маркетинг тұрғысында әлемдегі сұранысқа ие үздік 50 спортшы рейтингін жаңартып шығарды, деп хабарлады Sports.kz.

ТОП-50 рейтингінде «Голден Стейт Уорриорз» ойыншысы Стефен Карри бастады, екінші орында «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Полю Погба, үздік үштікті  үндістандық крикет ойыншысы Вират Коли тұйықтады.

WBA/IBF/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 29-шы орында.  Атап өту керек, мадридтік «Реал» ойыншысы Криштиану Роналду 35-ші орынға ие болды.  

Басылым хабарлағандай, рейтингте 21 ел мен спорттың 20 түрінің өкілі бар.  

Соңғы жаңалықтар