Әлемнің түкпір-түкпірінен көмек жолданған тараздық бүлдіршін қыз обырдан көз жұмды

АСТАНА. ҚазИнформ - Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы ауруханалардың бірінде обырмен күресіп жатқан кішкентай қазақ қызы Айымжан Досжан көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен көмек жолданған тараздық бүлдіршін қыз обырдан көз жұмды

«Кешір бізді, бүлдіршін... Біз үлгере алмадық, шарамыз болмады... Жаның жаннатта болсын. Мәңгілік біздің жүрегіміздесің» деп жазды қыздың ата-анасы әлеуметтік желіде. Айымжанның туысқандары желіге қалдырған соңғы жазбада жылу жинау акциясының жабылғаны айтады.

Айымжан нейрабластома деп аталатын обыр түрімен аурырған болатын. Жаман дерт оның бойынан 2 жасында табылған. 32 химиотерапия алған қызға ісікті алып тастау бойынша екі ота жасалды.

Айымжанның қымбат ем-домына әлемнің түкпір-түкпірінен мейірімді адамдар көмек қолдарын созған болатын.