«Әлемнің үздік автокөлігі-2014» атағына үміткерлер жарияланды

Еуропалық және жапондық көліктер «Әлемнің үздік автокөлігі-2014» (World Car of the Year 2014) титулына үміткерлер жарияланған тізімде басым тұр, деп хабарлайды CarAdvice порталы.
28 үміткердің тізіміне 12 еуропалық автокөлік, жеті жапон моделі, АҚШ және Оңтүстік Кореяның төрт өкілі ұсынған бес көлігі енеді.
Volkswagen «Әлемнің үздік автокөлігі» бес титулының төртеуін (Golf - 2009 жылы, Polo - 2010 жылы, Up! - 2012 жылы, Golf - 2013 жылы) ұтып алғанымен, осы жолы үміткерлер қатарына енбеді.
Алайда, тізімге неміс концернінің Audi, Seat және Skoda сияқты брендтерінің көліктері енді.
BMW бірден үш автокөлігін ұсынды: i3, 2 Series және 4 Series. Ford, Hyundai, Kia және Toyota маркілерінің әрқайсысынан тізімдемеге екі модель енді.
Сондай-ақ, тізімде Acura MDX, Citroen C4 Picasso, Fiat 500L, Peugeot 308 және басқа көліктер бар.
Дауыс берудің бірінші кезеңі 2014 жылғы 4 ақпанда өтеді. Оған әлемнің 21 елінен 66 өкіл қатысады. «Әлемнің үздік автокөлігі» сәуір айында Нью-Йорк автосалонында жарияланады.