Әлемнің жетекші экономистері офшорды таратуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 елден үш жүзге жуық экономистер әлем көшбасшыларын офшорды таратуға шақырды. Олардың пікірінше, салық жеңілдіктері аймағы «экономикалық мақсатқа қызмет етпейді» және «жалпы әлемдік әл-ауқатқа» пайдасы жоқ.
Бұл мәлімдемені БАҚ дүйсенбі, 9 мамырда Лондонда бірнеше күннен кейін өтетін жемқорлықпен күрес конференциясы қарсаңында таратты. Жиынға 40 елден саясаткерлер, Дүниежүзілік Банк, ХВҚ өкілдері қатысады.
«Офшорды тоқтату оңай болмайды. Себебі ағымдағы іс жағдайын қалыптастырып отырғандардың жеке мүдделері бар», - дейді мәлімдеменің авторлары. Олардың пікірінше, «офшордың одан әрі қажеттігіне ешқандай экономикалық негіз жоқ.
Айта кеткен жөн, авторлар арасында - 2015 жылғы экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты Ангус Дитон, ХВҚ бұрынғы бас экономисі Оливье Бланшар және т.б. бар.