Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы болып сайланды

Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы болып сайланды
Фото: epaimages.com

АСТАНА. KAZINFORM - Сейсенбі күні Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Ален Берсені (Швейцария) 2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап бес жылдық мерзімге Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы етіп сайлады.

Сайлаудың екінші турында А.Берсе 114 дауысқа ие болды, бұл – дауыс берушілердің басым бөлігі. Қалған үміткерлер Индрек Саар (Эстония) және Дидье Рейндерс (Бельгия) сәйкесінше 85 және 46 дауыс жинады.

Ален Берсе 2012 жылдан 2023 жылға дейін Швейцария үкіметінің мүшесі болды. Осы уақыт ішінде ол екі рет Конфедерация президенті қызметін атқарды (2018 және 2023 жылдары).

Министр ретінде А.Берсе федералды ішкі істер министрлігін басқарды. Үкіметке келгенге дейін 2003-2011 жылдар аралығында Швейцария Федералды Парламентінің мүшесі, 2008-2019 жылдары Парламенттің жоғарғы палатасы – Мемлекеттер кеңесін басқарды.

Қазақстан Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен 1997 жылдан бері ынтымақтастықта. Қазақстан кеңеске кірмейтін елдер мен Халықаралық ұйымдарға мүше мемлекеттермен өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін оның ішінара кеңейтілген келісімдеріне қатысуға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар