Ален Делон тапаншалары мен мылтықтарын сатуға бел буды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал француз актері Ален Деон бірнеше ондаған жылдан бері жинаған тапаншалары мен мылтықтарын сатылымға шығармақ ниетте.
Ол кеше Париждегі Cornette de Saint Cyr бәссауда үйінде өз қаруларын жұртшылыққа көрсетті. Сауда 1 желтоқсанда өтеді.
Атап өтер жайт, оның 80 тапаншасы мен мылтығы бар. Алдын ала бағасы шамамен 300-ден 30 мың еуро аралығында. Қарулардың ішінде XIX ғасырдың ортасында шығарылғандары, кейіннен Делонның қатысуымен өткен бірнеше фильмдер түсірілімі кезінде пайдаланылғандары да жетерлік.