Ален Делонның Ferrari көлігі бәссаудада 14 млн. еуроға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз актері Ален Делонның 1960 жылдары мінген Ferrari 250 GT SWB California Spider көлігі Париждегі бәссаудада 14,2 млн. еуроға сатылды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Сатылған көлік осыған дейін жоғалып кетті деп есептелген еді, жақында ол Францияның батыс бөлігіндегі жекеменшік фермадан табылды. Bugatti, Maserati, Ferrari сынды сирек кездесетін көліктердің бәссаудасы Парижде жұма күні өткен болатын.