Алеппо тұрғындарына бір тәулікте 3,8 тонна нан жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің гуманитарлық акциялары аясында Алепподағы бейбіт тұрғындарға 3,8 тонна нан жеткізілді, деп хабарланды Қақтығысушы тараптарды ымыраластыру жөніндегі рессейлік орталықтың бюллетенінде.
«Қақтығысушы тараптарды ымыраластыру жөніндегі рессейлік орталық Алеппо қаласында (Әл-Бизарад, Касилия және Шейх-Максуд аудандарында, Кәрім Әл Додо, Әл-Хамадания және Ашрафия аудандары мен мектептерінде) бір тәулікте сегіз гуманитарлық шара өткізді. Шара барысында бейбіт тұрғындарға 3,8 тонна нан таратылды», - делінген хабарламада.
Бір тәулікте барлығы 2,9 мың бейбіт тұрғын гуманитарлық көмек алған.
Сонымен бірге, ресейлік тікұшақтар Дейр-эз-Зор қаласының аумағына 20,6 тонна гуманитарлық жүк жеткізді, оны БҰҰ желісі бойынша САР билігі қабылдап алды.