Алеппода содырлар қалдырған минидан 6 бала қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның ең ірі қаласы Алеппода содырлар қалдырып кеткен мина жарылып 6 бала қаза тапты, деп хабарлады lifenews.ru.
Жарылыстан тағы бірнеше жасөспірім жараланды. «SANA» басылымының хабарлауынша, «ДАИШ» содырлары шегінгенде қалдырып кеткен мина жарылған. Оқиға Алеппо провинциясы Дарб Хассан ауылында болған.