Әлеуметтанушылар: британдықтар шет тілдерді жетік білмейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, британдық оқу орындары шет елдердің тілін меңгерген мамандарды жеткілікті даярламайды, деп жазады ВВС.
CBI британ кәсіпкерлері одағының тапсырысымен жүргізілген зерттеу бойынша, әлемде көп таралған тілдерді білетін мамандардың азайуы елдің экономикасына кесірін тигізеді.
Британдық компаниялар әлі күнге французша, немісше, испанша сөйлейтін мамандарға тапшы. Бірақ, соңғы кезде елде қытай және араб тілдерін меңгергендердің саны артқан.
Оған қоса көптеген жұмыс берушілер поляк, орыс және жапон тілдерін білгендерге құрметпен қарайтын көрінеді.
Қалыптасқан жағдайдға байланысты Британ билігі шет тілдерді оқытуды дамытатын бағдарама әзірлеп болды. Сол бойынша биылғы күзден бастап барлық мектептерде бұған дейінгідей 11 жастан емес, 7 жастан бастап шет тілдері оқытыла бастайтын болады.