11:22, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінде Жамбыл облысы бірінші орында
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінде Жамбыл облысы бірінші орында келеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Президент Әкімшілігі мен Үкімет тарапынан жүргізілген 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінің нәтижесі бойынша Жамбыл облысы республика өңірлерінің арасында бірінші орынды алды.
Әкімнің айтуынша, соңғы 3 жылда өңірлік жалпы өнім облыста 33 пайызға өсті. Оның ішінде 2012 жылы бұл көрсеткіш 9,8 деңгейінде болды. Осы орайда былтыр аймақ үшін оның сомасы рекордтық көлемге жетіп 764 млрд. теңгені құрады.