Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өз қызметінде жеке сектормен бәсекеге түспеу қағидатын ұстауы қажет - Е.Досаев

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өз қызметінде жеке сектормен бәсекеге түспеу қағидатын ұстауы қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«ӘКК-лар жеке сектор орналаспаған немесе жеткіліксіз орналасқан кеңістікте тиімді жұмыс істеп, бизнестің дамуын ынталандыруы және оның өсуі үшін жағдайлар жасауға, яғни корпорацияларда бизнес-ұйымдастырушы рөлін атқару тиіс», - деді ол.  

Оның атап өтуінше, аумақтарды дамыту бағдарламасы ұлттық және халықаралық нарықтарда дұрыс жайғастыру үшін бәсекелестік артықшылықтарын, өңірдің өсу нүктелерін айқындайды. ӘКК инвестициялар мен күш-жігерді біріктіре отырып, бизнестің өсу нүктелерінде даму қарқынын береді.

«Сонымен қатар ӘКК-лар қызметіндегі маңызды қағидаты әлеуметтік жауапкершілік болып табылады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум