Әлеуметтік кеңесте оралмандардың қызмет түрлеріне қол жеткізудегі мемлекеттің әлеуметтік саясаты талқыланады

ТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ертең, 11 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысы өтеді.

Әлеуметтік кеңесте оралмандардың қызмет түрлеріне қол жеткізудегі мемлекеттің әлеуметтік саясаты талқыланады

«Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен өтетін жиын барысында «Мемлекеттің оралмандарға қызмет түрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік саясаты» деген тақырыпта мәселелер талқыланады.

Басқосуға ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Ахметов, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетінің төрағасы Патрис Нокин және тағы басқа жауапты қызметкерлер қатысып, сөз сөйлейтін болады. Басқосуды Әлеуметтік кеңес төрайымы Айткүл Самақова жүргізеді деп күтілуде. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Басқосу қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар қабылданатын болады.