Әлеуметтік кодекс ерекше мәртебеге ие - депутат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік кодекс ерекше мәртебеге ие және ол пайда болған кезде елдің әлеуметтік бағдарланған бюджеті ашық әрі түсінікті болады.

Әлеуметтік кодекс ерекше мәртебеге ие - депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы туралы осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен үшін, коммунист ретінде, Президенттің әлеуметтік кодексті әзірлеу туралы тапсырмасы өте маңызды. Ол қоғамды толғандыратын барлық мәселелерді қамтиды, өйткені пандемия, төтенше жағдай режимін енгізу әлеуметтік қатынастар мен қолдауды реттейтін барлық заңның кемшіліктерін анықтады. Үкімет пен депутаттар жасайтын осы Кодекс қоғамды және оның дамуын қолдаудың барлық қажетті элементтерін қамтиды деп ойлаймын. Сондықтан әлеуметтік кодекс ерекше мәртебеге ие болады және әлеуметтік кодекс пайда болған кезде елдің әлеуметтік бағдарланған бюджеті ашық болады. Менің ойымша, осы Кодекстің қабылдануы нәтижесінде адамдар мемлекет ақшасы қайда кететінін, қоғамды қолдауға және дамытуға қалай жұмсалатынын ашық түрде көреді», - дейді Парламентіндегі Халықтық коммунистер фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, карантин кезінде қоғамда көптеген сұрақ туындады. Адамдар мемлекеттің одан әрі қалай дамитынын және мемлекеттің халық үніне қаншалықты құлақ асатынын білгісі келді. Бүгінгі күнге дейін мемлекет экономиканы, әлеуметтік саланы, болашақ қоғамды демократияландыру туралы естіді және бұл бағытта қандай шара қолдануға болатынын ұсынуы мүмкін.

«Менің ойымша, Президент Жолдауында әрбір Қазақстан азаматы өзін мазалаған мәселені көрді. Тіпті жануарларды қорғау туралы заңға қатысты мәселеге дейін ескерілді. Әрине, құқық қорғау жүйесін реформалау азаматтар үшін өте маңызды мәселе. Бұл бағытта да нақты міндеттер қойылды, яғни біздің құқық қорғау жүйесі азаматтар үшін жүйелік сипатқа ие болуы керек. Менің ойымша, бізде бұл реформаларды жүргізу үшін белгілі бір уақыт бар. Жолдауды қолдау үшін қажет барлық заңнамалық бастамалар жақын арада депутаттар тарапынан болады және біз сапалы жұмыс істеп, қажетті мерзімде аяқтауымыз керек», - дейді ол.