Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар жиілеп кетті -Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алудағы алаяқтықтың алдын алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар жиілеп кетті -Тоқаев

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасудың жиілеп кеткеніне алаңдайды.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК - бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», - деп жазды Президент Твиттер желісінде.

Бұған дейін Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты қосымша қаржылай көмек үшін көпбалалы отбасылардың жаппай ажырасып, әкелердің өз міндеттерінен бас тартып жатқандарын хабарлаған еді.