Әлеуметтік көмек көпбалалы әрі жалғызбасты аналарға да демеу болды – шымкенттік тігінші

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының тұрғыны Айгүл Әкімова отбасының жалғыз асыраушысы. Төрт перзенті де мектеп жасындағы келіншек мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік көмек үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік көмек көпбалалы әрі жалғызбасты аналарға да демеу болды – шымкенттік тігінші

Он саусағынан өнер тамған ісмердің шағын шеберханасы бар. Бұған дейін «Бизнес-бастау» жобасына қатысып, қаржылық көмектің нәтижесінде тігін шеберханасын ашқан ол үкімет тағайындаған әлеуметтік көмекті зор ықыласпен қабыл алғанын жеткізді. Күйеу ІІ топтағы мүгедек әйел қолына тиген 425 00 теңгені азық-түлік алуға жұмсайтынын айтады.

«Өзім тігіншілікпен жеке кәсібімді дөңгелетіп келгенмін. Қала карантинге жабылуына байланысты жұмысымызды тоқтатуға тура келді. Жаңалықтар арқылы 42 500 теңге әлеуметтік көмекке тапсыруға болатынын естідім. Үйден шықпай-ақ тиісті құжаттарды рәсімдеп, өтініш бердім. Екі күн ішінде жауабы келді. Осылай көптің бірі болып көмекке ие болдық. Бір жағынан осы көмекті алмағанымда жағдайым қалай болар еді деп ойлаймын. Өйткені табысым бала-шағамыздан артылмайды. Қиын қыстау кезеңде халықтың жағдайына алаңдаушылық білдірген Мемлекет басшысына рақмет айтамын», - дейді тігінші.