Әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тұратындар саны былтыр 218 адамға артты

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 2011 жылы Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруды қамтамасыз етумен бірге әлеуметтік қызмет көрсететін 293 ұйым есепте тұр.

Әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тұратындар саны былтыр 218 адамға артты

Оның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған 87 интернат-үйі және  мүгедектерге арналған 27 балалар интернат-үйі, сондай-ақ осындай қызмет көрсететін ұйымдардың басқа 179 түрі бар. Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда ұйымдар саны 8 бірлікке ұлғайды (2,8 пайыз), соның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі - 3 бірлікке (3,6 пайыз), басқа ұйымдар  түрі - 5 бірлікке (2,9 пайыз) артты. Бұл туралы Статистика агенттігінен қабылданды.

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ұйымдардың барлығы (100 пайыз) электр қуатымен жабдықталған, 288-інде (98,2 пайыз) - кәріз және 289-ында (98,6 пайыз) - су құбыры, және                              175-інде (59,7 пайыз) орталық жылыту жүйесі бар. 2010 жылмен салыстырғанда кәрізбен 8 ұйым,  су құбырымен - 9 ұйым, орталық жылыту жүйесімен - 3 ұйым қосымша камтамасыз етілді.

Жыл соңына қарай осы ұйымдарда тұратындар саны 34477 адамды құрады. Оның ішінде әйелдер - 15678 адам (45,5 пайыз), жасы бойынша зейнеткерлер - 5990 адам (17,4 пайыз), Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері - 117 адам (0,3 пайыз).

Бұл ұйымдардағы тұратындар саны 2010 жылмен салыстырғанда    218 адамға немесе 0,6 пайызға артты. Соның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер саны 175 адамға (3 пайыз) көбейді.