Әлеуметтік қызмет көрсетудің стандартын жасау қажет - қоғамдық ұйым басшысының пікірі
sp;ОРАЛ. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстанның Азаматтық форумына таңдаулылар қатысады деп сенемін.
Онда талқыланар мәселелер де ауқымды болмақ. Бұл туралы «Диабет» қоғамы облыстық ұйымының төрайымы Тамара Истомина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, өзі форум барысында "Әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарты - билік пен ҮЕҰ-ның арасындағы байланыстың шынайы көрінісі" атты пікірталасқа қатыспақ. «Жалпы, бізде әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарты әлі қолға да алынбаған. Оны өндіріске енгізу үшін алдымен оның жүйесін жасау керек, одан әрі ҮЕҰ мүшелеріне, басқа тұлғаларға оның мәнін түсіндіріп, дәріс алғаннан кейін тиісті сертификат беріледі екен. Басқа аймақта бұл қалай шешілуде, жалпы ҮЕҰ жұмысы қалай, мен форумда осы жайттармен жете таныссам деймін. Өзім сегіз жылдан бері облыстағы "Диабет" қоғамын басқарып, отыз жылдан бері осы дертпен "алысып" келе жатқандықтан, қоғам мүшелерінің хал-жағдайын жүрегіммен түсініп, барынша көмектескім келеді. Тоқсан сайын семинар өткізіп, оған білікті мамандар, диетолог, психолог, заңгерлерді шақырамыз. Атқарылған шаралар баршылық», дейді ол.