Әлеуметтік-маңызды тақырыптар мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары үшін басымдықты болып қалады - Е.Байжанов

АТЫ.  Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Айгүл  Тұрысбекова/ -   Әлеуметтік-маңызды тақырыптар -  мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы  басты басымдықтардың бірі. 

Әлеуметтік-маңызды тақырыптар   мемлекеттік   бұқаралық ақпарат  құралдары  үшін басымдықты  болып  қалады - Е.Байжанов

 Олар    холдингтің  құрамына кіретін   бұқаралық ақпарат құралдарының  жұмысында басымдықты  міндеттер болады.   Бұл туралы  кеше Алматыда өткен  брифингте  «Арна Медиа»  ұлттық ақпараттық   холдингтің басқарма  төрағасы   Ерлан  Байжанов  айтты.

«Мемлекеттік    бұқаралық ақпарат  құралдары -    патриотизм,  ұлтаралық    және  конфессияаралық     келісім,  құқықтық   нигилизмді  еңсеру  сияқты    тақырыптардың негізгі  жолсеріктері.  Аталмыш      тақырыптар     жарнама берушілердің    арасында  сұранысқа   көп  ие  емес, сондықтан да бұл бағыттарды мемлекет  қолдайды.    Негізінен    жастар көретін  «Ел  Арна»  телеарнасы  қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеуге  бағытталған  бағдарламалар     жасайтын  болады», деп  атап көрсетті  холдинг басшысы.