Әлеуметтік маңызды тауарлар үшін 2015 жылдың 4-тоқсанына шекті бағалар бекітілді

Министрдің келтірген мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың қазан айында еліміздегі инфляция оның алдындағы аймен салыстырғанда 5,2 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2015 жылдың 10 айында 8,2 пайызды құраған, ал 2014 жылдың қазан айымен салыстырғанда 9,4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 2015 жылдың қазан айында 4,6 пайызды құрады, (жыл басынан бері 6,1%), азық-түлік емес тауарларға - 13,9 пайыз, ақылы қызметтер -5,2 пайызды құрады.
«2015 жылдың 17 қарашадағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік таураларының баға индексі 106,7 пайызды құрады. Соның ішінде мына тауарлар бойынша баға өсімі біраз жоғары болды: күнбағыс майы 35,9 пайыз, қант 22,5 пайыз, шай 16 пайыз, нан 12,5 пайыз, жұмыртқа 11,7 пайыз, ұн 10,4 пайыз. Жекелеген облыстарда да баға көтерілгені байқалды. Мәселен, Қостанай облысында тауық жұмыртқасы 12,5 пайызға, күнбағыс майы 46,3 пайызға өскен. Өсімдік майы Павлодар облысында 10,6 пайыз, Алматы облысында қант 26,5 пайызға өскен», - деді министр.
Оның айтуынша, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылдың 4-тоқсанына әлеуметтік маңызды тауарлардың шекті бағасын бекітті.
«Бұл әрбір облыс, Астана мен Алматы қаласы үшін бағдар болып табылады», - деді Е. Досаев.