Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін ілкі жоба іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру үшін пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттк кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін ілкі жоба іске қосылады

«Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар аясыда ҚР ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, аталған бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобаны 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру көзделеді.

«Бұйрық жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан.

«Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз», - деп атап өтті МКК-ден.