Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуін болғызбау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуін және жасанды тауар тапшылығының қалыптасуын болғызбау үшін жасалатын жұмыстарды күшейту қажет.
None
None

 Бүгін Парламент Мәжілісінде Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметінің негізгі бағыттары тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және өңірлік даму комитетінің төрағасы депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осылай  мәлім етті.  

Сөз арасында депутат тауарлар нарығына Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізген талдауға тоқталып, белгіленген әдістемеге сәйкес 5 мың тауар нарығына талдау жасалуға тиіс екенін ескертті. «Бірақ соңғы үш жылда тауар нарығын талдау орташа алғанда 33 позицияны ғана қамтыған, ал оның құрылымында соңғы кезде ешқандай өзгеріс болмаған. Яғни, жыл сайын сол бір-біріне ұқсас тауарлар нарығы ғана тексеріледі. Біздің ойымызша бұл тізбеге өзекті позицияларды енгізу қажеттігі туындап отыр. Мысалы, биылғы жылы қолда мал ұстайтын ауылдар мен селолардың әлеуметтік жағынан осал тұрғындарына уақытылы ден қойып, көмек көрсету үшін жемшөп нарығын тексеру және оған талдау жүргізу қажет деп есептейміз», - дейді депутат.

Сонымен қатар, комитет төрағасы монополияға қарсы ведомоство өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуін және жасанды тауар тапшылығының қалыптасуын болғызбау үшін жасалатын жұмыстарды күшейту қажет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар